#### Apple компаниясының бір жылдық шектеулі кепілдігі туралы жиынтық мәлімет Берілген жабдық өнімі мен керек-жарақтар материалдарындағы және дайындау сапасындағы зақымдарға қарсы Apple компаниясы бастапқы сатып алу күнінен бастап 1 жылға кепілдік береді. Apple компаниясы қалыпты тозуға немесе жазатайым оқиға және дұрыс ұстамау салдарынан болған зақымдарға кепілдік бермейді. Техникалық қызмет алу үшін Apple компаниясына хабарласыңыз немесе Apple Store дүкеніне немесе Apple компаниясының өкілетті қызмет провайдеріне барыңыз (қызметтер қолжетімділігі қызмет сұралған елге байланысты болады және бастапқы сатып алу еліне шектеулі болуы мүмкін). Қоңырау және халықаралық жеткізу ақылары орынға байланысты алынуы мүмкін. Техникалық қызмет [apple.com/legal/warranty](https://www.apple.com/legal/warranty/) және [support.apple.com](https://support.apple.com/en-kz) сайттарында берілген толық шарттар мен ақпаратқа сәйкес көрсетіледі. Осы кепілдік бойынша жарамды техникалық қызмет көрсету талабын жіберсеңіз, Apple компаниясы өз қарауы бойынша құрылғыны жөндейді, алмастырады немесе оның құнын өтейді. Кепілдік артықшылықтары жергілікті тұтынушы заңдарында берілген құқықтарға қосымша болып табылады. Осы кепілдік бойынша талап қойғанда, сатып алу дәлелін беруіңіз керек болуы мүмкін. 011626-1 WAR-KZ